ХХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Авторы

  • Надира Махметова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-6701-8019
  • Жанна Аубакирова Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-1179-5518

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-2(2)-7

Ключевые слова:

Шығыс Қазақстан, демографиялық даму, табиғи өсім, қоныстану, этникалық құрам, халық саны

Аннотация

Бұл мақалада Шығыс Қазақстан жəне Семей өңірлерінің демографиялық жүйесінің дамуы мен құрылымы жан-жақты талданады. 1959 жəне 1989 жылдардағы халық санағы нəтижелерін пайдалана отырып, аймақтар арасындағы халық санының динамикасы, орналасу ерекшеліктері, ұлттық жəне жас-жыныстық құрамы салыстырылды. 1950-1980 жылдары қазақ халқының табиғи өсімі аймақтың этникалық құрамында айтарлықтай өзгерістерге себеп болды, ал орыс халқының саны табиғи кему жəне көші-қон арқылы азайды. Бұл кезең қазіргі шығыс өңірдің демографиялық құрылымын анықтауда маңызды рөл атқарды.

Қазақстанның шығыс өңірі ұлттық құрамының ерекшелігі: аймақта қазақ жəне орыс ұлттарының басымдылықта болуында. 1950-1960 жылдардағы қазақтардың «демографиялық жарылыс» кезеңі осы өңірде аталған этностың табиғи өсімнің ұлғаюына əкеліп, шын мəнінде ХХ ғасырдың 50-80-жылдарында орын алған өзгерістердің триггеріне айналды. Орыс этносы санының азаюы табиғи кетудің жəне механикалық азаюдың нəтижесінде болды. Осы жылдар Шығыс Қазақстан облысының қазіргі демографиялық жағдайын қалыптастыруда маңызды кезең болды. Мақаланың өзектілігі 1950-1980 жылдары орын алған демографиялық процестердің өңірдің демографиялық ахуалын анықтаудағы маңызды тарихи кезең ретінде демографиялық тенденцияларды зерттеуге негізделген.Қазіргі таңда қалыптасып отырған демографиялық үрдістердің қайнары осы 30 жылдықтың жемісі болды. 1950-1980 жылдары туған балалар қазіргі адам сапасы деңгейінде маңызды рөл атқарып, қазіргі ұлттық жас құрамын құрап, Қазақстанның шығыс өңірінің демографиялық дамуының айқын көрінісі болып отыр. Демографиялық процестердің аймақтың əлеуметтік жəне ұлттық дамуына тигізген əсерін зерттеу негізге алынды.

Биографии авторов

  • Надира Махметова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан

    Докторант

  • Жанна Аубакирова, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

    Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры

396 12

Опубликован

2024-12-25

Как цитировать

ХХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ. (2024). Shakarim Journal of History, 2(2), 98-113. https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-2(2)-7