XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚУ-АҒАРТУ САЛАЛАРЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ДАМУЫ

Авторы

  • К. Болатова Автор

Ключевые слова:

Шығыс Қазақстан; Халық Ағарту; білім беру; патшалық Ресей; зерттеуші; губернатор; бастауыш мектептер; гимназия; приходтық училище; кітапхана; ұлт зиялылары.

Аннотация

Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысындағы Шығыс Қазақстандағы білім беру және оқу-ағарту ісінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Аталған кезеңде аймақта орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, патша өкіметінің отарлық саясаты, сонымен бірге жергілікті халықтың мәдени және рухани сұраныстары оқу-ағарту жүйесінің алғышарттарын айқындады. Зерттеуде алғашқы мектептердің ашылу барысы, олардың құрылымдық ұйымдастырылуы, оқу бағдарламалары мен тәрбие жүйесі талданады. Сонымен қатар мектептер мен медреселердегі оқыту әдістері, мұғалімдердің дайындығы мен қоғамдағы мәртебесі көрсетіледі. Дәстүрлі өмір салты мен ағартушылық идеялардың ықпалы негізінде білім мазмұнының жаңаруы және екі мәдениеттің өзара әсері айқындалады. Оқу орындарының аймақтың әлеуметтік-мәдени өміріндегі рөлі, олардың ұлттық сана-сезімнің өсуіне, қоғамның рухани жаңаруына және мәдени интеграцияға тигізген ықпалы ерекше назарға алынған. Мақалада тарихи-сипаттамалық, салыстырмалы-аналитикалық және архивтік деректерге сүйенген әдістер қолданылып, нақты құжаттар мен басылымдар арқылы жүйелі талдау жүргізілді. Қорытындысында бұл кезеңдегі білім беру ісі халықтың ағартушылық ұмтылыстарын күшейтіп, ұлттық білім беру дәстүрлерінің орнығуына, жергілікті интеллигенцияның қалыптасуына және аймақтың мәдени дамуына негіз қалады деген тұжырымға қол жеткізілді. Зерттеу бұдан бөлек білім ұғымының эволюциясын, әйелдердің оқу процесіне тартылу деңгейін, бос уақыттағы оқыту тәжірибелерінің қалыптасуын және қоғамдық ағартушылық қозғалыстардың даму бағыттарын да ғылыми тұрғыда талдайды, соның нәтижесінде аймақтық ағартушылық тәжірибенің жалпыұлттық ағартушылық үдерістермен өзара байланысы мен тарихи сабақтастығы айқындалады.

Загрузки

Опубликован

2025-11-02

Выпуск

Раздел

Статьи

Похожие статьи

11-20 из 22

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.