ҚАЗАҚ – ЖОҢҒАР ТАРТЫСЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторы

  • Қ.А. Нұрғазы Автор
  • Қ.Қ. Байсарина Автор
  • А.Б. Байгапанова Автор

Ключевые слова:

Кілт сөздер: Қазақ–Жоңғар тартысы, Жоңғар басқыншылығы, Қазақ әскерінің қолбасшылары, Қазақстан тарихы, Соғыс стратегиясы, Қазақ хандығы.

Аннотация

Аңдатпа. Жалпы мақала негізіне ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы мен оның салдарын жекелей жаңа ақпараттар енгізе отырып талданады. Аталған зерттеудің қорында тарихи, баспа, жекелей зерттеулердің және ғылыми жинақтар мен еңбектердің және ауысша  деректерден алынған мәліметтеріне сүйене отырып, екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасалынып,соғыстың шығу себептерін, соғыстың алғашқы жылдарындағы қазақтар үшін жеңілістің себептері талданады.

Жоңғар басқыншылығының себеп-салдары мен зардаптарын жан-жақты зерттеп, анығына толық бойлап, ақиқатын ашып көрсету мүмкін болмасада, бүгінгі қазақ қоғамындағы белсенді тұлғалардың өте жоғары қызығушылығына байланысты жылдан жылға жаңа деректерді талдап, саралауға тура келеді. Аталған зерттеу жұмысында жоңғар басқыншылығының жалпылама талдау үдерісіне сай жүргізілген. Сонымен қатар, жалпы деректерге шолу жүргізіліп қысқаша тарихнамасы жасалған. Жалпы екі жақтың көшпелі қоғам тұрмысына сай болса да, қарама-қайшылықта ұқсас болып отырды. Қазақ елі басына ауыр-ауыр күн туған тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде қазақ қолбасшылары мен батырлары алдын алу шараларын ұйымдастыру,  қазақ жерінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы әр кезеңдегі халықтың  бірлігін, мемлекеттігін сақтауға тарихта айтарлықтай орын алады. Бұл зерттеудің мақсаты Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Қазақ хандығының негізгі қиындықтарын жан-жақты зерттеуге, осы қысымдардың қазақ қоғамындағы саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге қалай әсер еткенін бағалауға бағытталған. Жаңа деректер мен тұжырымдардың үздіксіз ағынын ескере отырып, бұл зерттеу дәуірге заманауи, жан-жақты көзқарас беру үшін соңғы ғылыми зерттеулерді жүйелі түрде жинақтауға және синтездеуге бағытталған.

Опубликован

2026-04-01

Выпуск

Раздел

Статьи