СЕМЕЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ: 1920-ЖЫЛДАР ТӘЖІРИБЕС

Авторы

  • Тұрсын Хазретәлі Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-8610-522X
  • Карлыга Мухаметкалиева Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті, Семей, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-8613-7248

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-1(1)-4

Ключевые слова:

Soviet education; enlightenment; public education; rural school; rural teacher; primary school; communal school; peasant youth school; student; textbook

Аннотация

Бұл мақалада 1920 жылдары Семей губерниясының ауылдары мен уездеріндегі мектептерді қайта құру мен қалыптастыру процесінің тарихы қарастырылады. Зерттеу жұмысы өңірдегі білім беру жүйесінің дамуын көрсететін мұрағаттық құжаттардың, статистикалық мәліметтер мен ресми есептердің талдауына негізделген. Мақалада Халық ағарту комиссариаттарының қаулылары мен жергілікті органдарының нұсқаулықтарымен білім саласында жүзеге асқан шаралардың мазмұны ашылып, талданды. Ауылдық бірінші басқыштағы білім беретін мектептер желісінің және олардың материалдық базасының дамыту процесі қаралды. Үкімет органдарының және ауылдық қоғамдастықтың ауылдық білім берудің қалыптасуына ықпал ету дәрежесі талданды. Авторлар өңірдегі жаңа білім беру саясатының ұтымды мен осал тұстарын бірдей көрсетеді. Мақалада өңірдегі сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған бірінші басқыш мектептер, коммуна-мектебі, шаруа жастар мектебі (ШЖМ), педагогикалық курстарды құру жөніндегі іс-шаралар кешенді зерделенеді. Әсіресе, көшпелі өмір салтын ұстанатын ауылдардағы қарапайым халықтың ағарту жүйесінде туындаған қиыншылықтары жөнінде маңызды мұрағаттық деректер дәйектелінді. Халыққа білім беру мен мәдени ағартуды дәріптеуде шешуші рөл атқарған жергілікті билік пен ауылдық қоғамдастықтың қызметіне назар аударылады. Білім беру процесін ұйымдастырушылардың алдында тұрған проблемалар, оның ішінде кадрлар мен оқу материалдарының жетіспеушілігі, оқу ғимараттарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ аймақтағы білім беру жүйесінің дамуына саяси және экономикалық факторлардың әсері қарастырылды. Қорытындылай келе, кеңестік оқу-ағарту ісі ауыл тұрғындарын оқытуда ғана емес, тәрбиелеуге де арналған білім беру саласының жаңа жолын айқындай түскендігі анықталды. Кеңестік оқу-ағарту ісі өлкенің барлық аумағын қамтып, республикадағы зайырлы білім беру жүйесінің дамуының алғышарттарын қалады деген тұжырым жасалады.

Биографии авторов

  • Тұрсын Хазретәлі, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
    Тарих ғылымдарының докторы, профессор
  • Карлыга Мухаметкалиева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті, Семей, Қазақстан
    Докторант

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

320 19

Опубликован

2024-09-27

Как цитировать

СЕМЕЙ ГУБЕРНИЯСЫНДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ: 1920-ЖЫЛДАР ТӘЖІРИБЕС. (2024). Shakarim Journal of History, 1(1), 46-60. https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-1(1)-4