ЗАЙСАН ҚАЛАСЫНЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІПКЕРЛЕР (ХIX ғасырдың екіншіжартысы мен ХХ ғасырдың басы)

Авторы

  • Тоты А. Кариева Научный центр «Библиотека Отырар» ЕНУ имени Л.Н. Гумилёва, Астана, Казахстан Автор https://orcid.org/0000-0003-1814-4208
  • Ұлжан С. Сайранбекова IT-школа-лицей №50 отдела образования города Семей управления образования области Абай, Семей, Казахстан Автор https://orcid.org/0000-0002-4806-5984

Ключевые слова:

Зайсан, кәсіпкерлік, сауда, көпестер, жәрмеңке, татарлар, тарих, экономика, тұлға, мәдениет

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Зайсан өңіріндегі кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты талдауға арналған. Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Зайсан қаласы қазақ даласындағы кәсіпкерлік тарихын зерттеуде маңызды дереккөзі болып табылады. Себебі аталған кезеңде Семей, Өскемен, Зайсан, Көкпекті сияқты қалалар мен ірі елді мекендер аймақтың жетекші сауда орталықтарына айналып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігінде ерекше рөл атқарды. Зайсан осы қалалардың ішінде маңызды сауда торабы ретінде ерекшеленді.

Зерттеу барысында қаланың географиялық орны, табиғи-экономикалық мүмкіндіктері, су және құрлық арқылы өтетін сауда жолдарының бағыттары, көрші аймақтармен және шекаралас елдермен байланысы сияқты кәсіпкерліктің дамуына ықпал еткен негізгі факторлар қарастырылды. Сонымен қатар, өңірдегі саяси жағдай, әлеуметтік- экономикалық өзгерістер, демографиялық үдерістер және Зайсан халқының этникалық құрамындағы динамика да кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына әсер еткен маңызды құбылыстар ретінде талданды.

Жұмыста Зайсан қаласының экономикалық өмірінде кәсіпкерлер мен түрлі кәсіпшілік түрлерінің атқарған қызметі, олардың өңірдің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі жан-жақты зерттелді. Кәсіпкерлердің сауда және өндіріс салаларындағы жетістіктерінен бөлек, олардың қоғам өміріне белсенді араласуы, білім беру ісін қолдауы, мәдениетті дамытуға қосқан үлесі, меценаттық және қайырымдылық қызметтері де арнайы назарға алынды.

194 0

Загрузки

Опубликован

2025-03-29

Как цитировать

ЗАЙСАН ҚАЛАСЫНЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН КӘСІПКЕРЛЕР (ХIX ғасырдың екіншіжартысы мен ХХ ғасырдың басы). (2025). Shakarim Journal of History, 1(3), 23-43. https://history.shakarim.kz/index.php/my/article/view/66