Зайсан қаласының сауда-экономикалық дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер(ХIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)

Авторлар

  • Тоты А. Кариева Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ КеАҚ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы, (Астана, Қазақстан) Автор
  • Ұлжан С. Сайранбекова Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің №50 ІТ-мектеп лицейі, (Семей, Қазақстан) Автор

Кілт сөздер:

Зайсан, кәсіпкерлік, сауда, көпестер, жәрмеңке, татарлар, тарих, экономика, тұлға, мәдениет

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Зайсан өңіріндегі кәсіпкерлік қызметті талдауға және зерттеуге бағытталған. Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Зайсан қаласы кәсіпкерлік тарихынан мол деректер береді. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстан аймағында орналасқан Семей, Өскемен, Зайсан, Көкпекті сияқты қалалар мен ірі елді-мекендер ірі сауда орталықтарына айналды. Өйткені өңір аталған кезеңде аймақтағы маңызды сауда-экономикалық орталықтардың бірі болды. Зерттеуге қаланың географиялық орналасуы, оның үстінен, су жолы да бар, сауда жолдарының өтуі және басқа аймақтармен байланысы сияқты Зайсандағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал еткен факторларды талдау кіреді. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуына әсер еткен саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, оның ішінде демографиялық және өңірдің ұлттық құрылымындағы өзгерістер де қарастырылды. Зерттеуде Зайсанның экономикалық өміріндегі кәсіпкерлер мен кәсіпшіліктің алатын орны, олардың қала және бүтіндей аймақтың дамуына қосқан үлестері талданды. Кәсіпкерлердің білім беру ісі, мәдениетті көтеру сияқты салаларға және т.б қатысты меценаттық қызметтеріне де ерекше назар аударылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-24