КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН ПАНАСЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Кеңес дәуірі, панасыздық, балалар үйлері, әлеуметтік саясат, тарихнамаАңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Кеңес дәуіріндегі балалар үйлері мен панасыздық мәселесінің зерттелуі қарастырылады. Кеңестік жүйедегі әлеуметтік және білім беру саясаты, панасыз балалар мекемелері, ашаршылық тарихы сияқты мәселелерге баса назар аударылды. Балалар панасыздығы тарихы өзекті тақырып болып саналғанымен, зерттеулер сирек көздеседі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Кеңес дәуіріндегі балалар үйлері мен панасыздық мәселесін кешенді түрде зерттеу, оның әлеуметтік-саяси себептерін, мемлекеттік саясаттағы орны мен ғылыми тарихнамадағы зерттелу ерекшеліктерін айқындайды. Ең алдымен архивтік деректерге, атап айтқанда, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті (БОАК/ВЦИК) мен Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК/СНК) қаулыларына талдау жасап, олардың балаларға арналған мекемелерді ұйымдастырудағы рөліне тоқталады. Сонымен бірге, кеңестік педагогикалық ой мен ғылыми еңбектерде осы мәселенің қарастырылғанына шолу жасалды.
Мақалада қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері негізінде балалар үйлерінің дамуы мен панасыздық себептері, түрлері сипатталады.
Нәтижелер. Кеңестік әлеуметтік саясаттың балаларды қамқорлыққа алу тәжірибесін, оның ерекшеліктерін және аймақтық деңгейдегі іске асырылуын көрсетті. Зерттеу нәтижелері Кеңес дәуіріндегі балалар үйлері жүйесінің қалыптасу тарихын түсінуде, сондай-ақ тарихнамадағы өзгерістерді айқындауда маңызды рөл атқарды. Балалар мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық реформаларының нәтижесінде аштыққа ұшырады. Кеңес үкіметі панасыздардың материалдық жағдайын жақсарту барысында, жетімдерді балалар үйлеріне, коммуналар мен қабылдау пунктеріне орналастыруда маңызды іс-шаралар атқарды. Орталық, өлкелік балалар комиссиялары панасыз, қорғансыз қалған балалардың өмірін сақтап қалуға үлес қосты.
Қорытынды. Қазақстанның және басқа да зерттеушілердің тарапынан кеңістік дәуірдегі балалар панасыздығы мен жетімдер үйлерінің тарихын зерттеу бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Балалар панасыздығы тек кеңестік билікті ғана емес, бүкіл қоғамды толғандырған маңызды әлеуметтік құбылыс болды. Сол кезеңдегі деректер мен мерзімді басылымдарда мемлекеттің панасыздық пен қорғансыздыққа қарсы саясатының кемшіліктері жасырылмай, қайта олардың себептері айқындалып, болашақта еңсеру жолдары жан-жақты талданды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Раушан Д. Ахметова, Ерке Конбай (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.