ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР БАСКЫНШЫЛЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР ЖЕКЕЛЕГЕН КӨРІНІСТЕРІ

Authors

  • Гауһар Батырбекқызы Author
  • Қуаныш А. Нұрғазы Author

Keywords:

Жоңғар басқыншылығы, Қазақ батырлары, Қазақстан тарихы, Соғыс қателіктері, Қазақ хандығы, Жоңғар хандығы.

Abstract

Ғылыми мақалада XVII–XVIII ғасырларда Қазақ хандығы жеріне жасалған жоңғар шапқыншылықтарының барысы мен жекелеген көріністері талданады. Зерттеу барысында тарихи деректер, жаңа еңбектер мен зерттеулер, сондай-ақ ата-баба тарихына үңілген қарапайым азаматтардың жинаған мәліметтері негізінде жоңғар шапқыншылығына тақырыптық талдау жасалған.

Жоңғар басқыншылығының себеп-салдары мен зардаптары әлі күнге дейін толық зерттеліп, толықтай анықтала қойған жоқ. Дегенмен, бұл мәселе бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпай, қазақ халқының тарихи жады мен азаматтық парызы тұрғысынан қарастырылып келеді. Зерттеуде жоңғар шапқыншылығының кезеңдері қамтылып, салыстырмалы талдау жасалған. Ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізу арқылы зерттеушілер арасындағы пікір қайшылықтары көрсетіліп, алғашқы жазбалардан бастап кейінгі жаңа зерттеулерге дейін қысқаша тарихнамасы берілген.

Көшпелі қоғам сыртқы агрессия жағдайына қарамастан, қалыпты өмір салтын сақтауға ұмтылғаны анықталады. Сонымен бірге қақтығыстардың мемлекеттік жүйенің қалыптасуы мен өзгеруіне әкелген ұзақ мерзімді салдары қарастырылып, сол кезеңдегі қолбасшылардың алдын алу шаралары, ұйымдастыру қадамдары және халықты ұйыстырудағы кемшіліктері сараланады.

Зерттеудің мақсаты – жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының негізгі проблемаларын кешенді түрде талдау және олардың қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік және мәдени трансформациясына ықпалын бағалау. Жоңғар шапқыншылығына қатысты жыл сайын жаңа деректер мен зерттеу нәтижелері жариялануда. Сол материалдарды жинақтап, салыстыра отырып жан-жақты қарастыру мақала зерттеу нысанына айналған.

Downloads

Published

2025-09-22

Similar Articles

1-10 of 20

You may also start an advanced similarity search for this article.