Архивтеу және депозиттеу

Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I Заңының 16-бабына сәйкес “Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары және теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау” туралы: Журналдың міндетті даналары бұқаралық ақпарат құралының иесі тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханаларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жіберіледі.

Электрондық нұсқалар 2024 жылғы 24 қазанның № 495-НҚ бекітілген Қазақстан Республикасының Міндетті тегін электрондық нұсқаларды қалыптастыру Ережелеріне сәйкес “ҰМҒТСО» АҚ Қазақстан Республикасының электрондық кітапхана қорына, Мәдениет және ақпарат министрлігінің (МАМ) электрондық архивіне ұсынылады.