СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ӘСЕРІ (XIX ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ғ. БАСЫ)
Кілт сөздер:
дәстүрлі қазақ шаруашылығы; нарық; нарықтық қатынастар; Семей; көпестер; сауда жолы; жәрмеңке; деректер.Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ халқының ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы дәстүрлі шаруашылығына нарық қатынастарының әсері архивтік және сол кезеңге тән деректердің негізінде қарастырылып, мысал ретінде Семей облысының нарық қатынастары зерделенді. Қазіргі тарихнамада шаруашылықты зерттеу барысы тек архивтік құжаттар негізінде ғана емес, сондай-ақ белгіленген хронологиялық шеңберге қатысты статистикалық мәліметтерді интерпретациялаумен кең көлемде жүргізілуде. ХІХ ғ. дамыған капиталистік қатынастар Қазақстанның шығыс өңіріне көпестер мен саудагерлер арқылы қарқынды түрде жетіп, Семейді өлкедегі ірі сауда орталықтарының біріне айналуына үлкен үлестерін қосты. ХІХ ғ. соңына қарай нарықтық жүйенің қазақ даласында кең тарауы мал шаруашылығының жүргізілу тәсілдеріне, жер пайдалану формаларына және дәстүрлі қауымдық қатынастарға да ықпал етті. Қазақ шаруаларының біртіндеп нарықтық саудаға тартылуы, тауар және ақша қатынастарының дамуы бір жағынан шаруашылықты жаңғыртуға жағдай жасаса, екінші жағынан әлеуметтік жіктелуді күшейтіп, дәстүрлі шаруашылық үлгілерінің біртіндеп ыдырауына себеп болды. Осы жағдайда, әсіресе, Ресейдің жүргізген әкімшілік-аумақтық реформалары салдарынан орын алған дәстүрлі шаруашылықтың тоқырауы қазақ шаруашылығын капиталистік тұрғыда, яғни нарыққа бейімделген жаңа кәсіптермен айналысуға итермеледі. Жұмыстың мақсаты – Семей өңіріндегі дәстүрлі шаруашылықтың трансформациясын анықтау және нарықтық қатынастардың қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген әсерін кейбір статистикалық мәліметтер негізінде талдау. Мақалада қарастырылған деректер бойынша Семей облысы мысалында нарықтық қатынастардың кейбір көріністеріне талдау жасалып, нарықтың дәстүрлі қазақ шаруашылығына әсері зерделенді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Г. Абенова, Ә. Қабижанов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.