ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ УРБАНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (1959–1989 ЖЖ.)
DOI:
https://doi.org/10.53360/3107-0493-2025-4()-6Аңдатпа
Бұл зерттеуде 1959–1989 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының демографиялық дамуының негізгі кезеңдері мен аймақтық ерекшеліктері қарастырылады. ХХ ғасырдың екінші жартысында елде жүргізілген индустрияландыру, урбанизация қарқынының күшеюі, тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны, көші-қон процестерінің бағытталуы және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы республикадағы этнодемографиялық жағдайға елеулі ықпал еткен маңызды факторлар ретінде талданады.
Зерттеу барысында архивтік құжаттар, кеңестік кезеңнің халық санағы материалдары мен ресми статистикалық мәліметтер қолданылып, халық санының динамикасы, этникалық құрамдағы өзгерістер, қалалық және ауылдық тұрғындар арақатынасы, сондай-ақ өңірлер арасындағы демографиялық айырмашылықтар анықталды.
Нәтижелер көрсеткендей, 1959–1989 жылдары Қазақстан халқы 1,77 есеге артқан, ал қазақтардың үлесі 30%-дан 39,7%-ға дейін көбейген. Бұл өсім ең алдымен табиғи көбейістің жоғары деңгейімен және ауылдық жерлердегі қазақ халқының шоғырлануымен түсіндіріледі. Сонымен қатар зерттеу индустрияландыру саясатының Солтүстік және Орталық аймақтарда славян этностарының үлесін арттырғанын, ал Оңтүстік пен Батыс облыстарда қазақ халқы басым сақталғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, бұл демографиялық өзгерістер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ мерзімді ықпал еткен маңызды тарихи үрдістер болды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Юлия Лысенко (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.