1960-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ КСР-ІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: СОВНАРХОЗ РЕФОРМАСЫНЫҢ ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ

Авторлар

  • Гульнур Абенова Автор

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2026-1(7)-5

Кілт сөздер:

совнархоз; басқару реформасы; орталықсыздандыру (децентрализация); Қазақ КСР; аумақтық жүйе; қоғамдық-саяси тарих; әкімшіл-әміршіл жүйе; жершілдік; партия аппараты.

Аңдатпа

Мақала 1960–1970-ші жылдардағы Қазақ КСР-індегі өнеркәсіп пен құрылысты басқару жүйесінің трансформациясын кешенді тарихи-саяси тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің басты назарында орталықтандырудан бас тартуға және қатаң салалық басқарудан аумақтық басқаруға көшуге бағытталған ауқымды әрі бірегей талпыныс болған совнархоз (халық шаруашылығы кеңестері) реформасы тұр. Мақалада халық шаруашылығы кеңестерінің құрылуы мен жұмыс істеу үдерістері, олардың екіжақты сипаты және республикалық басқару аппараты мен мәскеулік одақтық орталық арасындағы қарым-қатынастарда туындаған саяси және экономикалық қайшылықтар қарастырылады. Автор реформаның Қазақстанның өңірлік дамуына, республиканың экономикалық құқықтары мен дербестігінің кеңеюіне тигізген оң ықпалын көрсете отырып, онымен қоса туындаған «жершілдік» мәселесі мен бюрократиялық кедергілерді де ашып көрсетеді. Сонымен қатар, 1965 жылы одақтық орталықтың бақылауды жоғалтудан қауіптеніп, децентрализацияны тоқтатуы және бұрынғы салалық министрліктер жүйесін қайта қалпына келтіру себептері терең талданады. Бұл кері қайту үдерістерінің «кемелденген социализм» дәуіріндегі (1970-ші жылдар) Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытқа бет бұруына, даму қарқынының тежелуіне және әкімшіл-әміршіл жүйенің жасырын дағдарысының басталуына қалай әсер еткені дәйекті түрде негізделеді. Мақала тарихилық, ғылыми объективтілік және жүйелілік тәсіл қағидаттарына сүйене отырып, заңнамалық актілерді, мұрағаттық құжаттарды және заманауи тарихнамалық дереккөздерді кеңінен тарту арқылы жазылған.

##article.mostReadByAuthor##

18 4

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи