ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІЛЕРДІҢ АҢШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛІК ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2026-2(8)-3

Кілт сөздер:

Кілт сөздер: ортағасырлық түркілер, аңшылық мәдениеті, археологиялық ескерткіштер, петроглифтер, көшпелі қоғам, атты аңшылық, жазба деректер.

Аңдатпа

Мақалада ортағасырлық түркілердің аңшылық мәдениеті археологиялық материалдар  мен жазба деректер негізінде кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің басты назарында аңшылықтың көшпелі түркі қоғамындағы шаруашылық, әскери, әлеуметтік және дүниетанымдық қызметі тұр. Ортағасырлық түркілер үшін аңшылық күнкөріс пен тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ететін кәсіп түрі ғана емес, атты жауынгердің ептілігін, мергендігін, төзімділігін және кеңістікті игеру қабілетін қалыптастыратын тәжірибелік орта болғаны көрсетіледі. Зерттеуде петроглифтердегі аңшылық сюжеттері, қару-жарақ кешендері, ат әбзелдері, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, жыртқыш аңдар мен қыран құстар бейнелері талданып, олардың түркілердің материалдық және рухани мәдениетін танудағы деректік маңызы ашып көрсетілді. Мақалада ат үстінде садақпен аң аулау, қаумалап аңшылық ұйымдастыру, жабайы жануарларды бейнелеу және қыран құстарды пайдалану дәстүрлері көшпелі әскери мәдениетпен сабақтастықта қарастырылады. Аңшылық көріністерінде бейнеленген қару түрлері, аңшының қимыл-қозғалысы, киім үлгілері мен ат әбзелдері ортағасырлық түркілердің тұрмысы, жауынгерлік машығы және көркемдік дәстүрі туралы маңызды мәлімет береді. Сонымен қатар жыртқыш аңдар мен құстар бейнесі билік, ерлік, қорғаныш, сакралды кеңістік және әлеуметтік мәртебе ұғымдарымен байланысты символикалық жүйе ретінде түсіндіріледі. Зерттеу нәтижесінде ортағасырлық түркілердің аңшылық мәдениеті көшпелі қоғамның шаруашылық бейімделуі, әскери тәжірибесі, әлеуметтік құрылымы және рухани дүниетанымы тоғысқан кешенді мәдени жүйе болғаны тұжырымдалады.

Автор өмірбаяны

  • Айқын М. Дүйсенбеков, Шәкәрім университеті КеАҚ

    Тарих кафедрасы оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи