ЭТНОАРХЕОЛОГИЯДА ЭПИГРАФИКАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІНЕ (АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.53360/3107-0493-2026-2(8)-4Кілт сөздер:
Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Тоқтамыс зираты, Семей қаласы, Ескі мұсылман қорымы, этноархеология, эпиграфикалық ескерткіш, құлпытас.Аңдатпа
Мақалада Абай облысында кездесетін эпиграфикалық ескерткіштерді анықтау және жүйелеу мәселелері этноархеологиялық зерттеулер тұрғысынан қарастырылды. Қазақстан археологиясында этноархеологиялық зерттеулер маңызды тақырыптарды қамтып, кеңестік кезеңде де бірқатар еңбектер жарық көрді. Бүгінде этноархеология белгілі бір дәрежеде мамандар мектебі қалыптасқан өзіндік салалардың бірін құрайды. Дегенмен бұл салада эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу жұмыстары ел бойынша толық қамтылмай келеді. Мәселен, эпиграфикаға бағытталған зерттеулердің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде шоғырланып, ірі жобалардың шеңберінде немесе жеке қызығушылық бағыттарында ғана жүргізіліп келеді.
Мақалада бұл мәселе Абай облысының аудандарында және Семей қаласының көне зиратында кездесетін құлпытастар негізінде талданады. Облыс жерінде толық емес немесе сирек кездесетін эпиграфикалық ескерткіштердің көбі дерлік арабжазулы құлпытастар болғандықтан, зерттеу барысында мамандардың тапшылығы мен әдебиеттердің жеткіліксіз болуы сезілді. Сонымен бірге құлпытастар жекеленген аудандарда шашыраңқы сақталғаны байқалды. Оларды өзара салыстыра зерттеу үшін материалдық базаны тереңдету аса қажет.
Абай облысында 2025 жылы жүргізілген этнографиялық экспедицияның алдын ала деректемелерін саралай келе, этноархеологияда эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу мәселелерінің бар екені анықталды. Облыс жеріндегі кейбір ескерткіштерге сипаттама жасалып, мәтіндер ғылыми көпшілік қауымға ұсынылса да, кодиколог ғалымдардың, араб тілі мамандарының пікірі жетіспеуі мүмкін. Аталған мәселенің мәнін тереңірек ашу мақсатында Абай облысындағы эпиграфикалық ескерткіштер негізге алынып, анықталған мәселелер мен қорытындылар ғылыми қауымдастық назарына ұсынылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Мадияр Насыров (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.