Карлаг ауыл шаруашылығы

Авторлар

  • Темиргали Аршабеков Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві, Қарағанды, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0002-9924-4832
  • Дария Ибраева Г. Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі, Қарағанды, Казахстан Автор https://orcid.org/0000-0002-2593-3283

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-2(2)-5

Кілт сөздер:

Карлаг; егіншілік; еңбекпен түзеу лагерлері; Кеңес Одағы; ауыл шаруашылығы саясаты; архив материалдары; тарихи зерттеулер.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан Кеңес Одағындағы ең атақты еңбекпен түзеу лагерлерінің бірі — Карлагтың ауыл шаруашылығының тарихы мен жағдайы қарастырылады. Лагерь басшылығының ауыл шаруашылығын лагерьдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен өзін-өзі қамтамасыз ету құралы ретінде қалай пайдаланғанына ерекше назар аударылады.

Авторлар Карлагтағы ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыруды, оның ішінде техниканы, технологияны жəне басқару əдістерін қолдануды талдайды. Мақалада ауылшаруашылық қызметінің негізгі көріністері, өндіріс тиімділігі, лагерь мен аймақтың экономикасына əсері, сондай-ақ лагерьдің аграрлық саясатының ерекшеліктері қарастырылады.

Зерттеу архив құжаттарды, қолжазбаларды жəне Карлаг зерттеушілерінің күнделіктерін жүйелі талдауға, сондай-ақ қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер деректеріне негізделген. Архив фотоматериалдары, Карлагтағы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі көріністерін бейнелейтін диаграммалар мен кестелер ұсынылған.

Бұл Карлаг құрылымындағы ауыл шаруашылығының рөліне жан-жақты баға беруге жəне оның Кеңес Одағындағы еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихын зерттеу үшін маңызын анықтауға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Темиргали Аршабеков, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві, Қарағанды, Қазақстан

    Гуманитрлық ғылымдар магистрі
     

  • Дария Ибраева, Г. Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі, Қарағанды, Казахстан

    Гуманитрлық ғылымдар магистрі

370 15

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-25