Қандастардың күнделікті тәжірибесіндегі этномәдени бейімделу: этнологиялық талдау

Авторлар

Кілт сөздер:

қандастар; күнделікті өмір; бейімделу; мәдени тәжірибелер; дәстүрлер; еңбекпен қамтылу; әлеуметтік-мәдени кеңістік

Аңдатпа

Мақалада қандастардың (этникалық қазақ-репатрианттардың) күнделікті өмірі олардың мәдени бірегейлігін қалыптастырудағы және қазіргі қазақстандық қоғамға табысты кірігуіндегі негізгі тетік ретінде қарастырылады. Зерттеу тұрмыстық және рәсімдік тәжірибелердің этномәдени мұраны сақтаудағы және қоныс аударушылардың бейімделуіндегі маңызын ашып көрсетеді, жаһандық сын-қатерлер жағдайында дәстүрлі құндылықтар мен отбасы құрылымдарының рөліне баса назар аударады. Мақалада қабылдаушы өңірлердің әлеуметтік кеңістігіне қосылу барысында мәдени кодтардың динамикасы мен трансформациясын талдауға ерекше мән беріледі. Әйелдер мен жастар қауымдастықтарының мәдени үлгілерді жеткізудегі, инновациялық тәжірибелерді меңгерудегі және этносаралық өзара іс-қимылды кеңейтудегі ықпалы да қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қандастардың бейімделуі сызықтық интеграция процесі емес, дәстүрлі мәдениет элементтерін, заманауи экономикалық стратегияларды және білім беру ресурстарын ұштастыратын күрделі көпқырлы тетік екенін дәлелдейді. Репатрианттардың күнделікті өмірі тарихи жады мен Қазақстанның әлеуметтік нормалары мен құндылықтарын тоғыстыратын жаңа гибридті бірегейлік қалыптасатын кеңістік ретінде сипатталады. Зерттеу материалы елеулі практикалық маңызға ие: нәтижелерін этномәдени және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларын жетілдіруде, этнология мен көші-қонды зерттеу саласындағы оқу курстарын әзірлеуде және репатрианттарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруда пайдалануға болады. Мақала этнологиялық ғылымды дамытуға үлес қосып, қандастардың бейімделу стратегияларына кешенді көзқарас ұсынып, күнделікті өмірді этномәдени талдаудың маңызды санаты ретінде қарастырады.

Автор өмірбаяндары

  • Cункар Сыдыгалиев, ЕНУ имени Л.Н. Гумилева

    докторант кафедры археологии и этнологии Исторического факультета ЕНУ им. Л.Н. Гумилева

  • Сакен Раздыков, ЕНУ имени Л.Н. Гумилева

    Доцент кафедры археологии и этнологии Исторического факультета ЕНУ имени Л.Н. Гумилева

     

  • Айкын Дуйсенбеков, Университет Шакарима

    преподователь кафедры истории Университета Шакарима, магистр исторических наук

3 0

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30