ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ҚАРСЫЛЫҒЫ: ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ НАРРАТИВ (1929-1931)

Авторлар

  • Мади Е. Турлыбаев Автор
  • Халил Б. Маслов Автор
  • Айжан Р. Ботабекова Автор

Кілт сөздер:

Ұжымдастыру, қуғын-сүргін, халық наразылығы, поэтикалық дерек, әлеуметтік қарсылық, тарихи нарратив, кеңестік идеология, ауызша тарих.

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы кеңестік реформалар — ұжымдастыру, тәркілеу, саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтың қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен рухани дүниесіне тигізген зардаптары қарастырылады.

Авторлар осы кезеңдегі халық поэзиясын тарихи дереккөзі ретінде талдай отырып, ақын-жыраулар шығармаларындағы әлеуметтік сын мен астарлы қарсылықты анықтайды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Төлеу Көбдіков, Таймас Есенұлы, Шахан Мусин, Шәкір Әбенов сынды тұлғалардың шығармалары арқылы кеңестік саясаттың нақты салдарлары — мал-мүліктен айыру, аштық, босқындық пен рухани күйзеліс сипатталады.

Сонымен қатар, мемлекет басшыларына арналған анонимді хат пен ресми тұлғалармен кездесулерде жазылған өлеңдер негізінде халық наразылығы, саяси-идеологиялық қысымға деген көзқарасы сараланады.

Мақалада поэзиялық мәтіндердің тарихи-мәдени құндылығы, куәгерлік сипаттағы мазмұны мен әлеуметтік-психологиялық астары ашылады.

Зерттеу нәтижелері халық шығармашылығын кеңестік дәуірдегі саяси репрессия мен әлеуметтік күйзелістерді сипаттайтын қосымша нарративтік дереккөздер ретінде қарастырудың маңызын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-22

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 21

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.