АСТЫҚ ЖӘНЕ ЕТ ДАЙЫНДАУ НАУҚАНДАРЫНЫҢ АУЫР САЛДАРЫ  (ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА 1920-1930 жж.)

Авторы

  • Ж.К. Айтенов Айтенов Автор
  • Қ.С. Адельчанов Автор

Ключевые слова:

Шығыс Қазақстан, Семей облысы, дәстүрлі мал шаруашылығы, астық дағдарысы,босқыншылық,миграция, ұжымдастыру, тәркілеу.

Аннотация

Мақалада Шығыс Қазақстанда жүргізілген астық және ет дайындау науқанының жүзеге асырылуы және оның зардаптары архив құжаттары  негізінде жан-жақты талданады. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы аграрлық саясаттының негізгі бөлігі  ұжымдастыру, орталық биліктің азық-түлік дайындау жоспарын арттыру, мал тәркілеу деп  қарастырылады. Мақалада Шығыс Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру кезіндегі орын алған астық және ет дайындау науқаныны және қуғын-сүргін мәселесі өзара сабақтастырыла талқыланып, бір жүйеге келтіріліп, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан және жалпы адамзаттық идеясына үйлестіріле отырып зерттелді. Қазақстандағы аграрлық реформаның үрдістерін жан-жақты зерттеу негізінде оның тиімді және тиімсіз жақтары анықталды. Ауыл шаруашылығында жүргізілген астық және ет дайындау науқандарына талдау жасай отырып, аграрлық қатынастардың жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындауға ұмтылыс жасалды. 

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын күйреуі, ет және астық дайындау науқандарындағы зардаптары, ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу  саясаты, күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру, шаруаларды кеңес органдарының «ұлтшыл», «бандит» жалаларымен жаппай қуғын-сүргінге ұшыратуы қазақ шаруаларын босқыншылыққа әкелді. Шығыс Қазақстанда орын алған астық және ет дайындаудың аса көлемді көрініс бергені және әсіресе көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруалары өмірінде терең із қалдырған  қасіретті жан-жақты талданган.

Опубликован

2026-01-21

Выпуск

Раздел

Статьи

Похожие статьи

1-10 из 26

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.