БУРА ҚАРАТАЛ БАТЫР ТІЛЕУБЕРДІҰЛЫ: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫН АЛҚАБЫН ҚОНЫСТАНУ ТАРИХЫНАН

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2025-4()-6

Кілт сөздер:

Найман; Бура шежіресі; Жәуетей; Таңатар; Қаратал батыр; Шығыс Қазақстан; Үлкен Нарын; шежіре қолжазбалары.

Аңдатпа

Мақалада Орта жүз Найман тайпасының Ергенекті тармағына кіретін Бура бірлестігі ішіндегі Таңатар аталығының тарихи-шежірелік негіздері талданады. Зерттеу Таңатардың шығу тегі, ішкі тармақталуы, руаралық байланыстары және Нарын алқабындағы қоныстану кеңістігінің қалыптасуын салыстырмалы-тарихи және шежірелік әдістер арқылы анықтауға бағытталған. Бүгінгі таңда ауызша шежірелер, ру тарихын сақтаған қолжазбаларға қатысты этнографиялық мәліметтер, әкімшілік-аумақтық, статистикалық шолулар аталмыш тақырыптарды зерттеуде өзекті. XVII-XVІІІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы жағдайында Нарын-Тарбағатай шебін қорғауға Бура жасақтарының қатысуы, батырлар институтының қоғамдық-саяси рөлі қамтылған. Мақалада Қаратал батыр тұлғасы Таңатар шежіресіндегі орны, әулеттік сабақтастықтары, жергілікті әскери-саяси үдерістердегі қызметі тұрғысынан қарастырылады. Шежірелік деректерді түйістіру арқылы оның ықпал аймағы, көш жолдарын қорғауы, ұрпақтарының қоныстануы мен топонимиялық іздері нақтыланады. Қаратал батыр төңірегіндегі көрші аталықтармен одақтас-қарсылас байланыстар, оқиғалардың ықтимал хронологиясы деректердің сәйкестігі арқылы қайта құрылады. Шежіре қолжазбалары зерттеуде негізгі деректік өзек қызметін атқарады. Олар ру-тайпа тармақталуын, қоныс ауысу бағыттарын, тұлғалардың тарихи орнын нақтылайды. Сондай-ақ ауызша мәліметтерді салыстырып, оқиғалардың хронологиясын түзетуге және аймақтық тарихтың деректік негізін күшейтуге сеп болады. Зерттеу нәтижелері Таңатар аталығының аймақтық тарихын жүйелеп, Бура наймандарының этноәлеуметтік құрылымындағы орнын нақтылауға мүмкіндік береді.

292 0

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-25

Журналдың саны

Бөлім

Статьи