ӨМІРБАЯНДЫҚ НАРРАТИВТІ МЕКТЕП ТАРИХЫНДА ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ
Ключевые слова:
Кілт сөздер: өмірбаяндық нарратив, тарихи тұлға, мектеп тарихы, тарихты оқыту әдістемесі, тұлғатанулық тәсіл, педагогикалық эксперимент, танымдық құзыреттілік, сыни ойлау, Солтүстік Қазақстан, саяси қайраткерлерАннотация
Аңдатпа. Мақалада мектеп тарихы курсында өмірбаяндық нарративті қолданудың теориялық-әдіснамалық және практикалық негіздері ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Солтүстік Қазақстан өңірінің саяси және ағартушылық қайраткерлері мысалында жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - тарихи тұлғаларды оқыту үдерісінде биографиялық тәсілдің педагогикалық әлеуетін анықтау, өмірбаяндық нарративке негізделген құрылымдық-мазмұндық оқыту моделін әзірлеу және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру. Әдіснамалық негіз ретінде диалектикалық, тарихи-хронологиялық, тарихнамалық, контент-талдау, салыстырмалы талдау, модельдеу, сондай-ақ педагогикалық диагностика әдістері қолданылды.
Зерттеу барысында мектеп оқулықтарының мазмұны сарапталып, оқушылардың тарихи тұлғалар туралы білім деңгейі анкеталау, тестілеу, бақылау, пікірталас, жазбаша жұмыстар және дереккөздермен практикалық жұмыс арқылы анықталды. Диагностикалық кезең нәтижелері дәстүрлі оқыту тәсілдері тарихи тұлғаларды терең әрі жүйелі түсінуді қамтамасыз етпейтінін, білімнің көбіне ақпараттық деңгейде қалыптасатынын көрсетті.
Өмірбаяндық нарративті жүйелі енгізу эксперименттік топтарда оқушылардың білім сапасының оң динамикасы байқалып, орта және жоғары деңгейдегі көрсеткіштер едәуір артты, ал оқу мотивациясы мен пәнге қызығушылық күшейді. Себебі тарихи контексті түсінуін, дереккөздермен жұмыс істеу, талдау, бағалау және рефлексия жасау дағдыларын айтарлықтай жетілдіргені анықталды.
Зерттеу нәтижелері өмірбаяндық нарративті мектеп тарихын оқыту тәжірибесіне енгізудің ғылыми және практикалық маңызын дәлелдеп, тарихи білім мазмұнын жаңғыртуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар ұсынады.
Загрузки
Опубликован
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2026 Ж.Ж. Шупанова, Г.С. Ильясова (Автор)

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.