ПАТШАЛЫҚ ӨКІМЕТТІҢ ҚҰПИЯ ПОЛИЦИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ Ш. ҚОСШЫҒҰЛҰЛЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3107-0493-2026-2(8)-6Ключевые слова:
Шаймерден Косшыгулулы; тайная полиция; жандармское управление; архивные данные; Государственная дума; национально-освободительное движение; Алаш; панисламизм; колониальная политика; казахская интеллигенция.Аннотация
Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті тұлғасы, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Шәймерден Қосшығұлұлының қоғамдық-саяси қызметі жаңа архивтік деректер негізінде кешенді түрде талданады.
Зерттеудің негізгі өзегі - патшалық өкіметтің құпия полициясы мен жандармерия басқармасының құжаттарындағы қайраткердің тұлғалық бейнесін және оның империялық жүйеге тигізген саяси әсерін қайта жаңғырту болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы бұрын ғылыми айналымға түспеген немесе аз зерттелген архивтік істерді саралау арқылы Ш. Қосшығұлұлының діни-ағартушылық бастамалары мен саяси күресінің өзара сабақтастығын дәлелдеуінде. Автор колониалдық әкімшіліктің қайраткердің әрбір қадамын, әсіресе халықты ағартуға бағытталған үндеулерін «панисламизм» және «мемлекетке қауіпті әрекет» ретінде қарастыруының объективті және субъективті себептерін ашады.
Зерттеу барысында Ш. Қосшығұлұлының Ресей империясының мұсылман халықтарының саяси құқықтарын қорғаудағы ролі мен оның Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңіндегі идеологиялық үлесі айқындалды. Авторлардың қосқан дербес үлесі — патшалық цензура мен құпия бақылау құжаттарының астарындағы шынайы тарихи ақиқатты саралап, тұлғаның мемлекеттік деңгейдегі саяси салмағын негіздеуі.
Мақаланың қорытынды бөлімінде Ш. Қосшығұлұлының қызметі тек діни қайраткерлікпен шектелмей, қазақ қоғамының саяси оянуына түрткі болған жүйелі процесс екендігі туралы тұжырым жасалады. Осы зерттеу нәтижелері ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының күрес тарихын тереңірек түсінуге, отарлық саясаттың механизмін зерттеуге және ұлттық тарихнаманы тың деректермен байытуға жол ашады. Сонымен қатар, бұл жұмыс тарихи тұлғатану бағытын жаңа архивтік құжаттармен толықтыра түседі.
Загрузки
Опубликован
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2026 Гульнур Абенова (Автор)

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.