ТОҚМҰХАММЕТ АЛТЫНТОРҰЛЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫ: ЭПИТАФИЯ ЖƏНЕ ҚОЛЖАЗБА МƏТІНДЕРДЕ (ДЕРЕККӨЗДІК АНАЛИЗ)

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-2(2)-2

Ключевые слова:

Тоқмұхаммет Алтынторұлы; эпиграфикалық ескерткіш; эпитафия; қолжазба; естелік, қосымша деректер; дереккөз; Семей; Қарқаралы

Аннотация

Мақалада Қарқаралы петициясына (1905 ж.) қатысқан зиялы қауым өкілі, Абыралы жерінің тумасы, ХХғ. алғашқы ширегіндегі қоғам жəне дін қайраткері Тоқмұхаммет қажы Алтынторұлының тұлғасы эпитафияжəне қолжазба мəтіндері негізінде қарастырылады. Зерттеу объектісі Тоқмұхаммет қажының тұлғасыболғанымен, негізгі екпін, сондай-ақ деректердің маңыздылығына, қосымша деректердің қарастырылуынаберіледі.

ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси-қоғамдық қозғалыстарда көтерілген ұлттық жəне құқықтықмүдделерді қорғау мəселелері отандық тарихта маңызды орын алатыны сөзсіз. Бұл кезеңдегі саяси-əлеуметтікүрдістердің əсері тек халықтың жадысында ғана емес, сонымен қатар архив қорларында сақталған деректердекөрініс табады. Алайда кеңестік билікпен қоса келген қудалау саясатының салдарынан халық жадысындасақталған деректер «мұра» мағынасында ұмытылу алдында қалса, кейбір жағдайда ұмытылып та жатты. Солсебепті, аға буын өкілдерінен қалған мұраны құжат негізінде жəне цифрлық нұсқада сақтау, қосымшадеректерге мəн беру (фотоқұжат, қолжазба, мерзімді басылым, эпитафия, қолтаңба, естелік т.б. кездесетіндеректер) – алдыңғы қатардағы зерттеу тақырыбы ретінде зерттеле беруі тиіс.

Соңғы он-жиырма жылда архив қорларында жүргізілген ізденістердің нəтижесінде ұлт зиялыларынақатысты есімдер толысып қана қоймай, ХХ ғ. бірінші жартысында болып өткен ірілі-ұсақты саяси, қоғамдық, мəдени шаралардың тарихи маңыздылығы да қайта қаралды. Мысалы, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау,құнды құжаттарды қолжетімді ету, құжаттарды цифрлық нұсқаға көшіру жəне т.б. деректерді жаңа қырынанқарастыру мүмкіндігін туғызды.

Биография автора

  • Мадияр Насыров , Семей қаласының Шəкəрім атындағы Университеті
    «Тарих жəне археология» ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

280 9

Загрузки

Опубликован

2024-12-25

Как цитировать

ТОҚМҰХАММЕТ АЛТЫНТОРҰЛЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫ: ЭПИТАФИЯ ЖƏНЕ ҚОЛЖАЗБА МƏТІНДЕРДЕ (ДЕРЕККӨЗДІК АНАЛИЗ). (2024). Shakarim Journal of History, 2(2), 17-30. https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-2(2)-2