АЙМАҚТЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ:ЗАЙСАН МЫСАЛЫНДА

Авторы

  • Рафик Х. Усманов Автор

Ключевые слова:

Зайсан, кәсіпкерлік, әлеуметтік-экономикалық фактор, геосаяси жағдай, сауда, көпес, жәрмеңке, татар.

Аннотация

Мақалада Зайсан өңіріндегі кәсіпкерліктің тарихи дамуы әлеуметтік-экономикалық және геосаяси факторлар тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – өңірлік кәсіпкерліктің тарихи динамикасын айқындап, оның аймақ тарихындағы орнын көрсету. Зерттеу барысында Зайсанның географиялық ерекшеліктері мен шекаралық жағдайының кәсіпкерлікке әсері, XIX–XX ғасырлардағы кәсіпкерлік құрылымдары мен бағыттары, сауда жолдары, жәрмеңкелер, қолөнер және өнеркәсіп салаларының дамуы талданады. Сондай-ақ татар, орыс және жергілікті қазақ кәсіпкерлерінің қызметтері салыстырылып, кеңестік кезеңдегі мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлікке ықпалы зерттеледі. Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіпкерлік тәжірибесі тарихи сабақтастық тұрғысынан бағаланған.

Зерттеудің ерекшелігі – Зайсан өңіріндегі кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық және геосаяси факторлар аясында кешенді түрде қарастыруында. Еңбектердің басым бөлігінде кәсіпкерлік жалпы қазақ қоғамы немесе бүкіл Шығыс Қазақстан деңгейінде сипатталса, бұл мақалада нақты өңірге басымдық берілген. Мұрағат деректері, статистикалық жинақтар, этнографиялық материалдар мен заманауи зерттеулерге сүйене отырып, аймақтық кәсіпкерліктің тарихи дамуы алғаш рет жүйелі түрде талданған.

Зерттеу нәтижелері экономикалық тарих, әлеуметтік тарих және этнография салаларында кешенді көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазіргі заманғы аймақтық кәсіпкерлікті дамыту стратегияларын жасауға, тарихи туризм мен өлкетану жұмыстарын жетілдіруге негіз бола алады.

Загрузки

Опубликован

2025-09-22

Похожие статьи

11-15 из 15

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.