ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1932-1960 ЖЖ)

Authors

  • А.Б. Нуртазаева International Engineering and Technology University, Almaty, Kazakhstan Author
  • К.Т. Туенбаева Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan Author

Keywords:

Орталық ғылыми кітапхана; ақпарат; ақпараттық ресурстар; ақпараттық технологиялар; кітап қоры; ғылыми-ақпарат; библиография

Abstract

Мақалада ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанда Орталық ғылыми кітапхананың құрудың тарихи факторлары, қалыптасу кезеніңдегі негізгі басымдықтар мен әдістері, кітапхана жұмысын үйлестіру мен басқару  тарихы қарастырылады  .Орталық ғылыми кітапхананың ғылыми,ақпараттық-библиографиялық қызметінің бағыттарын архив қopлapы мәліметтеріне сүйене отырып дамыту тарихы баяндалады. Мақалада отандық ғалымдардың аталған тақырыпқа қатысты жазылған еңбектеріне теориялық бағытта сараптамалар жасалынды. Орталық ғылыми кітапхананың ХХ ғасырдың 1932-1960 жж аралығындағы қызметі қарастырылып,  Кеңестік саясаттың кітапхана жұмысына тигізген әсерін анықталады. Республикамызда ғылым , білім және мәдениетті дамытуда Орталық ғылыми кітапхананың қосқан  үлесін зор екендігін ешкім жоққа шығара қоймайды. Құрылған күннен бастап ғылыми кітапхана Ұлттық Ғылым Академиясының тарихымен тікелей байланысты. 1932-1960 жылдар аралығында  көптеген қиыншылықтарды басынан өткізіп, кәсіби тұрғыдан ең беделді мекемеге айналды.  Одақ көлемінде басқа ғылыми кітапханалармен байланыс орнату және кәсіби мамандармен ұжымды толықтыру ,кітап қорын жасақтау,өңдеу,анықтамалық-библиографиялық жұмыстарына талдау жасалынып, Орталық ғылыми кітапхананың атқарған қызметі мен жеткен жетістіктерінің тарихы айқындалды. Құрылу процессінде кездескен қиыншылықтарға қарамастан, Орталық ғылыми кітапхана елімізде ғылым,білім және мәдениеттің дамуына зор үлесін қосуы баяндалады. Сонымен қатар мақалада кітапхананың құрылуынан бастап 1960 жылдар аралағына дейінгі кезеңдеріне шолу жасаланылады. Кітапхананың дамуына әер еткен негізгі жаңалықтар кезеңдер арқылы көрсетілді.

Downloads

Published

2026-03-20

Similar Articles

1-10 of 18

You may also start an advanced similarity search for this article.