ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1932-1960 ЖЖ)
Кілт сөздер:
Орталық ғылыми кітапхана; ақпарат; ақпараттық ресурстар; ақпараттық технологиялар; кітап қоры; ғылыми-ақпарат; библиографияАңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстанда Орталық ғылыми кітапхананың құрудың тарихи факторлары, қалыптасу кезеніңдегі негізгі басымдықтар мен әдістері, кітапхана жұмысын үйлестіру мен басқару тарихы қарастырылады .Орталық ғылыми кітапхананың ғылыми,ақпараттық-библиографиялық қызметінің бағыттарын архив қopлapы мәліметтеріне сүйене отырып дамыту тарихы баяндалады. Мақалада отандық ғалымдардың аталған тақырыпқа қатысты жазылған еңбектеріне теориялық бағытта сараптамалар жасалынды. Орталық ғылыми кітапхананың ХХ ғасырдың 1932-1960 жж аралығындағы қызметі қарастырылып, Кеңестік саясаттың кітапхана жұмысына тигізген әсерін анықталады. Республикамызда ғылым , білім және мәдениетті дамытуда Орталық ғылыми кітапхананың қосқан үлесін зор екендігін ешкім жоққа шығара қоймайды. Құрылған күннен бастап ғылыми кітапхана Ұлттық Ғылым Академиясының тарихымен тікелей байланысты. 1932-1960 жылдар аралығында көптеген қиыншылықтарды басынан өткізіп, кәсіби тұрғыдан ең беделді мекемеге айналды. Одақ көлемінде басқа ғылыми кітапханалармен байланыс орнату және кәсіби мамандармен ұжымды толықтыру ,кітап қорын жасақтау,өңдеу,анықтамалық-библиографиялық жұмыстарына талдау жасалынып, Орталық ғылыми кітапхананың атқарған қызметі мен жеткен жетістіктерінің тарихы айқындалды. Құрылу процессінде кездескен қиыншылықтарға қарамастан, Орталық ғылыми кітапхана елімізде ғылым,білім және мәдениеттің дамуына зор үлесін қосуы баяндалады. Сонымен қатар мақалада кітапхананың құрылуынан бастап 1960 жылдар аралағына дейінгі кезеңдеріне шолу жасаланылады. Кітапхананың дамуына әер еткен негізгі жаңалықтар кезеңдер арқылы көрсетілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А.Б. Нуртазаева, К.Т. Туенбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.