ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ТАРТЫСЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.53360/3107-0493-2026-1(7)-8Кілт сөздер:
Қазақ-Жоңғар тартысы, Жоңғар басқыншылығы, Қазақ әскерінің қолбасшылары, Қазақстан тарихы, Соғыс стратегиясы, Қазақ хандығы.Аңдатпа
Ғылыми мақалада XVII–XVIII ғасырларда Қазақ хандығы жеріне жоңғар шапқыншылықтарының барысы мен жекеленген көрністері талданады. Сонымен қатар аталған зерттеуде тарихи жаңа ақпараттардың, зерттеулердің, еңбектердің және ауысша деректерден алынған мәліметтеріне сүйене отырып, екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасалынып,соғыстың шығу себептерін, соғыстың алғашқы жылдарындағы қазақтар үшін жеңілістің себептері талданады.
Жоңғар басқыншылығының себеп-салдары мен зардаптарын жан-жақты зерттеп, анығын ашып, түбіне жету мүмкін емес болса да, бүгінгі күнде қазақ халқының азаматтық парызы ретінде де қазақ-жоңғар басқыншылығының жекеленген мәселелерін қарастыруға үлкен мән берілуде. Аталған зерттеу жұмысында жоңғар шапқыншылығының жалпы кезеңдері қамтылып, салыстырмалы талдауға баса назар аударылған. Ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізе отырып, зерттеушілер арасындағы қайшылықтары мен зерттеушілердің алғашқы жазбаларынан бастап, кейінгі жаңа зерттеушілердің жазбаларына сәйкес қысқаша тарихнамасы жасалды.
Көшпелі қоғамның сыртқы агрессия жағдайына қарамастан, қазақ қолбасшыларының қалыпты өмір салтын ұстап тұру амадарын жасауға тырысқанын көреміз және осы қақтығыстардың мемлекеттік жүйенің қалыптасуына, өзгеруіне ықпал жасады. Қазақ елі басына ауыр-ауыр күн туған тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде қазақ қолбасшылары мен батырлары алдын алу шараларын ұйымдастыру, қазақ жерінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы әр кезеңдегі халықтың бірлігін, мемлекеттігін сақтауға тарихта айтарлықтай орын алады. Зерттеудің мақсаты жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының негізгі проблемаларын кешенді талдау және олардың қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік және мәдени трансформациясына әсерін бағалау болып табылады. Жоңғар шапқыншылығына қатысты жылда жаңа тың деректер мен зерттеу қортындылары шығып жатыр. Сол мәліметтерді жинақтап, салыстырып және жан-жақты қарастыру мақсатында зерттеу объектісі ретінде зерделеуге тура келеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Quanysh Nurgazy, Қымбат Байсарина, Айгуль Байгапанова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.