ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ БАҒЫТТАРЫ: XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫМЕН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

Авторлар

  • Ақмарал Оспанова Казахский агротехнический исследовательский университет имени С.Сейфуллина Автор https://orcid.org/0000-0003-2436-7109

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2026-2(8)-1

Кілт сөздер:

Қазақ хандығы, , Осман империясы, Түркістан аймағы, қалмақ (жоңғар) қаупі, Қайып Мұхаммед, Ахмед III, Ресей экспансиясы, Осман архивтері, дипломатиялық байланыстар.

Аңдатпа

XVIII ғасыр Еуразия кеңістігіндегі геосаяси ахуалдың түбегейлі өзгеруімен, Ресей империясының отарлық экспансиясының күшеюі және жоңғар-қалмақ қысымының үдеуімен ерекшеленетін күрделі тарихи кезең болып табылады. Аталмыш тарихи кезеңде Қазақ хандығының сыртқы саяси бағыттары елеулі трансформацияға ұшырады. Осы үдерістер Осман империясымен саяси-дипломатиялық байланыстарды жаңа деректік негізде қайта қарастыру қажеттілігін айқындайды. Қазақ-осман қатынастарын кешенді талдау қазіргі тарих ғылымындағы өзекті әрі жеткілікті деңгейде зерттелмеген мәселелердің қатарына жатады. Зерттеу барысында Қазақ хандығының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен оның дипломатиялық белсенділігі Осман мемлекетімен байланыстар контексінде жан-жақты қарастырылады.

Ғылыми мақалада Қайып Мұхаммед хан мен Осман сұлтаны Ахмед III арасындағы ресми хат алмасу деректеріне талдау жасалынып, екі мемлекет арасындағы алғашқы дипломатиялық қатынастардың қалыптасу үдерісі архивтік деректер негізінде айқындалады. Зерттеудің мақсаты – XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығы мен Осман империясы арасындағы дипломатиялық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктерін архивтік құжаттар негізінде кешенді талдау және олардың тарихи мазмұнын анықтау.

Зерттеу әдіснамасы тарихи-генетикалық, салыстырмалы-тарихи, деректанулық және жүйелік талдау әдістеріне негізделді. Осман мемлекетінің архивтік қорларындағы, атап айтқанда «Nâme-i Hümâyûn Defterleri» жинағындағы материалдар транскрипцияланып, аударылып, мазмұндық тұрғыда талданды. Әртүрлі дереккөздерді өзара салыстыру арқылы тарихи мәліметтердің шынайылығы тексеріліп, ғылыми негізделген қорытындылар жасалды. Зерттеу нәтижелері Қазақ хандығының Осман империясымен дипломатиялық байланыс орнатуға ұмтылысы ең алдымен сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы саяси қолдау іздеумен байланысты болғанын көрсетеді. Екі мемлекет арасындағы геосаяси алшақтық, көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі және Осман мемлекетінің Ресеймен жүргізген келісімдік міндеттемелері бұл қатынастардың тұрақты әрі жүйелі сипат алуына шектеу қойғанын көруімізге болады. Қайып Мұхаммед ханның Осман сұлтанына жолдаған ресми хаттары қазақ билеушілерінің халықаралық дипломатиядағы белсенділігін және түркі-мұсылман әлемімен саяси ынтымақтастық орнатуға деген ұмтылысын айқын дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи