ҚАЗАҚСТАНҒА ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАЙТА ОРАЛУ КӨШІ-ҚОНЫ (1991-2025 ЖЖ.): МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
DOI:
https://doi.org/10.53360/3107-0493-2026-2(8)-8Кілт сөздер:
Қазақстан; этникалық көші-қон; репатриация; қандастар; көші-қон саясаты; этнодемографиялық үдерістерАңдатпа
Зерттеу 1991–2025 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасына этникалық қазақтардың қайта оралу көші-қонына қатысты мемлекеттік саясаттың эволюциясын талдауға арналған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі репатриацияның мемлекеттің демографиялық саясатын іске асырудағы, елдің этнодемографиялық әлеуетін нығайтудағы және көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдірудегі маңызының артуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – этникалық репатриация саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін айқындау, қайта оралу көші-қонының қазіргі үрдістерін анықтау және оның Қазақстанның демографиялық дамуына ықпалын бағалау.
Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы этникалық қазақтардың репатриациясының динамикасы, олардың шыққан елдерінің географиясындағы өзгерістер, қандастардың қоныстану ерекшеліктері және мемлекеттік көші-қон саясаты басымдықтарының трансформациясы талданған. Зерттеу нәтижесінде қарастырылған кезеңде тарихи Отанына 1,1 миллионнан астам этникалық қазақтың оралғаны анықталды. Бұл үдеріс Қазақстан Республикасының этникалық құрылымының өзгеруіне және елдің адами әлеуетінің нығаюына елеулі ықпал етті. Сонымен қатар репатриациялық саясаттың қазіргі кезеңі 2000 жылдардың басымен салыстырғанда қоныс аудару көлемінің төмендеуімен, көші-қон ағындарының құрылымы мен географиясының өзгеруімен, сондай-ақ мемлекеттің қандастарды әлеуметтік бейімдеу, қоғамға ықпалдастыру және оларды өңірлер бойынша ұтымды орналастыру мәселелеріне басымдық беруімен сипатталатыны көрсетілді. Зерттеу нәтижелері қазіргі жағдайда мемлекеттік саясаттың басты бағыты көші-қон ағынын сандық тұрғыдан арттыру емес, репатрианттардың демографиялық және еңбек әлеуетін елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде тиімді пайдалану екенін дәлелдейді.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Раушан Ахметова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
Авторлық құқық мақала жазуға елеулі үлес қосқан әрбір бірлескен автордың адалдығы мен жауапкершілігін білдіреді.
Автор журналдың веб-сайтына тиісті сілтемені көрсеткен жағдайда өз басылымдарын институционалды немесе басқа қоймаларда сақтауға құқылы.