Семей қаласындағы ғылыми және ағарту мекемелері мен қоғамдардыңқызметі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2024-2(2)-8

Кілт сөздер:

Семей; ғылыми мекеме; ағарту ұйымдары; орыс жағырапиялық қоғамы; мерзімді баспасөз; архив, кітапхана; тарихи зерттеулер.

Аңдатпа

Мақалада Семей қаласындағы ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің қызметі талданып, олардың өңірдің ғылыми, мəдени жəне білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Зерттеуде 1902 жылы құрылған Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің рөліне ерекше назар аударылады. Бұл ұйым Статистикалық комитеттің қызметін жалғастырып, өңірдегі ғылыми зерттеулердің жүйелі жүргізілуіне негіз қалады. Оның зерттеу аясы Семей облысымен шектелмей, Сібір мен Жетісудың іргелес аумақтарын да қамтыды.

Мақалада қоғам жүргізген экспедициялар мен геологиялық зерттеулердің нəтижелері сараланып, олардың өңір экономикасына, ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің дамуына ықпалы талданады. Сонымен бірге, 1930-жылдары құрылған ғылыми-зерттеу станцияларының өсімдіктерді зерттеу, селекция жəне мал шаруашылығын дамытудағы қызметі, сондай-ақ өңірдегі алғашқы метеорологиялық станцияның ғылыми жəне тарихи маңызы зерделенеді.

Зерттеу барысында губерниялық өлкетану музейінің, Абай мемориалдық музейінің жəне губерниялық мұрағаттың ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстары қарастырылады. Кітапхана ісінің өрістеуі, мерзімді баспасөздің таралуы жəне газет басылымдарының аймақтың білім беру мен мəдени өміріндегі маңызына ерекше мəн беріледі.

Талдау нəтижесінде ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің, əлеуметтік-саяси өзгерістерге қарамастан, тарихи мұраны сақтау, ғылыми білімді кеңінен тарату жəне өңірдің зияткерлік əлеуетін қалыптастыру ісіне қосқан елеулі үлесі анықталады. Ғылыми жəне ағарту ұйымдардың қызметі өңірдің əртүрлі аймақтары мен көршілес территориялар арасындағы мəдени жəне ғылыми байланыстардың нығаюына ықпал еткендігі айқындалады.

Автор өмірбаяндары

  • , Шәкәрім университеті, Семей, Қазақстан

    Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

  • , Шәкәрім университеті, Семей, Қазақстан

    Тарих ғылымдарының кандидаты, оқытушы

  • , Шәкәрім университеті, Семей, Қазақстан

      

##article.mostReadByAuthor##

408 11

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-25