ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ТАРТЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.53360/3107-0493-2025-4()-2Ключевые слова:
Джунгарская оккупация, казахские герои, История КазахстанаАннотация
Ғылыми мақалада XVII–XVIII ғасырларда Қазақ хандығы жеріне жоңғар шапқыншылықтарының барысы мен жекеленген көрністері талданады. Сонымен қатар аталған зерттеуде тарихи жаңа ақпараттардың, зерттеулердің, еңбектердің және ауысша деректерден алынған мәліметтеріне сүйене отырып, екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасалынып,соғыстың шығу себептерін, соғыстың алғашқы жылдарындағы қазақтар үшін жеңілістің себептері талданады.
Жоңғар басқыншылығының себеп-салдары мен зардаптарын жан-жақты зерттеп, анығын ашып, түбіне жету мүмкін емес болса да, бүгінгі күнде қазақ халқының азаматтық парызы ретінде де қазақ - жоңғар басқыншылығының жекеленген мәселелерін қарастыруға үлкен мән берілуде. Аталған зерттеу жұмысында жоңғар шапқыншылығының жалпы кезеңдері қамтылып, салыстырмалы талдауға баса назар аударылған. Ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізе отырып, зерттеушілер арасындағы қайшылықтары мен зерттеушілердің алғашқы жазбаларынан бастап, кейінгі жаңа зерттеушілердің жазбаларына сәйкес қысқаша тарихнамасы жасалды.
Көшпелі қоғамның сыртқы агрессия жағдайына қарамастан, қазақ қолбасшыларының қалыпты өмір салтын ұстап тұру амадарын жасауға тырысқанын көреміз және осы қақтығыстардың мемлекеттік жүйенің қалыптасуына, өзгеруіне ықпал жасады. Қазақ елі басына ауыр-ауыр күн туған тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде қазақ қолбасшылары мен батырлары алдын алу шараларын ұйымдастыру, қазақ жерінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы әр кезеңдегі халықтың бірлігін, мемлекеттігін сақтауға тарихта айтарлықтай орын алады. Зерттеудің мақсаты жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының негізгі проблемаларын кешенді талдау және олардың қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік және мәдени трансформациясына әсерін бағалау болып табылады. Жоңғар шапқыншылығына қатысты жылда жаңа тың деректер мен зерттеу қортындылары шығып жатыр. Сол мәліметтерді жинақтап, салыстырып және жан-жақты қарастыру мақсатында зерттеу объектісі ретінде зерделеуге тура келеді.
Загрузки
Опубликован
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2025 Gauhar Batyrbekkyzy, Қуаныш Нұрғазы (Автор)

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.