ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР ЖЕКЕЛЕГЕН КӨРНІСТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.53360/3107-0493-2025-4()-2

Кілт сөздер:

Жоңғар басқыншылығы, Қазақ батырлары, Қазақстан тарихы

Аңдатпа

Ғылыми мақалада XVII–XVIII ғасырларда Қазақ хандығы жеріне жоңғар шапқыншылықтарының барысы мен жекеленген көрністері талданады. Сонымен қатар аталған зерттеуде тарихи жаңа ақпараттардың, зерттеулердің, еңбектердің және ата-баба тарихына үңілген қарапайым азаматардың жинаған мәліметтеріне сәйкес  жалпы жоңғар шапқыншылыңына тақырыптық талдау жасалған.

Жоңғар басқыншыығының себеп-салдары мен зартапдары әлі күнге дейін толық зерттеліп, анығын ашып, түбіне жету мүмкін емес болса да, бүгінгі күнде  қызығушылығы зор, қазақ халқының азаматтық парызы ретінде де олардың күнделікті бұл мәселені қарастыруға тура келеді. Зерттеуде жоңғар шапқыншылығының жалпы кезеңдерін қамтып,  салыстырмалы талдауға баса назар аударылған. Ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізе отырып, зерттеушілер арасындағы қайшылықтары мен зерттеушілердің алғаншқы жазбаларынан бастап, кейінгі жаңа зерттеушілердің жазбаларына сәйкес  қысқаша тарихнамасы жасалды.

Көшпелі қоғамның сыртқы агрессия жағдайына қарамастан, қалыпты  өмір салтын ұстап тұру амадарын жасауға тырысқанын көреміз және осы қақтығыстардың мемлекеттік жүйенің қалыптасуына, өзгеруне әкелген ұзақ мерзімді салдарын талдай келе, сол кездегі қолбасшылардың алдын алу шараларының, ұйымдастыру және халықты ұйыстыру қателіктеріне көз жеткізуге болады.

Зерттеудің мақсаты жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының негізгі проблемаларын кешенді талдау және олардың қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік және мәдени трансформациясына әсерін бағалау болып табылады. Жоңғар шапқыншылығына қатысты жылда жаңа тың деректер мен зерттеу қортындылары шығып жатыр. Сол мәліметтерді жинақтап, салыстырып және жан-жақты қарастыру мақсатында зерттеу объектісі ретінде зерделеуге тура келеді.

Автор өмірбаяны

  • Gauhar Batyrbekkyzy, M. Auezov South Kazakhstan University

    PhD., Acting Associate Professor, M. Auezov South Kazakhstan University (Shymkent, Kazakhstan)

##article.mostReadByAuthor##

6 1

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30