ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ҚАРСЫЛЫҒЫ: ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ НАРРАТИВ (1929-1931)
Ключевые слова:
Ұжымдастыру, қуғын-сүргін, халық наразылығы, поэтикалық дерек, әлеуметтік қарсылық, тарихи нарратив, кеңестік идеология, ауызша тарих.Аннотация
Бұл мақалада ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы кеңестік реформалар — ұжымдастыру, тәркілеу, саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтың қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен рухани дүниесіне тигізген зардаптары қарастырылады.
Авторлар осы кезеңдегі халық поэзиясын тарихи дереккөзі ретінде талдай отырып, ақын-жыраулар шығармаларындағы әлеуметтік сын мен астарлы қарсылықты анықтайды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Төлеу Көбдіков, Таймас Есенұлы, Шахан Мусин, Шәкір Әбенов сынды тұлғалардың шығармалары арқылы кеңестік саясаттың нақты салдарлары — мал-мүліктен айыру, аштық, босқындық пен рухани күйзеліс сипатталады.
Сонымен қатар, мемлекет басшыларына арналған анонимді хат пен ресми тұлғалармен кездесулерде жазылған өлеңдер негізінде халық наразылығы, саяси-идеологиялық қысымға деген көзқарасы сараланады.
Мақалада поэзиялық мәтіндердің тарихи-мәдени құндылығы, куәгерлік сипаттағы мазмұны мен әлеуметтік-психологиялық астары ашылады.
Зерттеу нәтижелері халық шығармашылығын кеңестік дәуірдегі саяси репрессия мен әлеуметтік күйзелістерді сипаттайтын қосымша нарративтік дереккөздер ретінде қарастырудың маңызын көрсетеді.
Загрузки
Опубликован
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2025 Мади Е. Турлыбаев, Халил Б. Маслов, Айжан Р. Ботабекова (Автор)

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
Copyright presupposes the integrity and responsibility of each co-author who made a significant contribution to the writing of the article.
The author has the right to store his publications in an institutional or other repository of his choice, provided he provides the appropriate link to the journal’s website.